Елімізде «Халал» белгісі бар шұжықтардан доңыз еті табылды — KazInfo Today
close

Елімізде «Халал» белгісі бар шұжықтардан доңыз еті табылды

114aa5a74138435f90a90dfdf917733a

Елімізде шұжық өнімдерін өндіретін 11 кәсіпорын өз өнімдеріне «Халал» деген таңба қойып, бірақ доңыз етін пайдаланған, — деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Дәл осындай жағдай елімізде жылда тіркелетінін де айта кету керек. Әсіресе, көрші Ресейден тасымалданатын «Халал» шұжықтарда доңыз ДНҚ-сы жиі анықталып жатады.

Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс. Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Обсудить новость