close

Көкшетауда жаңа туған нәресте дәрігерлерді шошытты

кишки

Көкшетаудың Степногорск қаласында дүниеге келген Сергейді көрген дәрігерлер шошынып қалған. Жаңа туған сәбидің ішкі құрылысында туа бітті ақау пайда болып, оның шектері сыртқа шығып қалған. Алайда келіншектің аяғы ауыр кезде түсірілген УЗИ қорытындысы ешқандай ақаулықты көрсетпеген, – деп хабарлайды Qasym.kz.

«Менің ұлымның денсаулығы туралы есту өте ауыр болды. Бірақ оны тастап кету туралы мүлдем ойлаған да жоқпын. Үнемі қасында болдым. Күн сайын дәрігерлермен сөйлесіп тұрдым», – дейді Сергейді анасы Евгения.

Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасаған. Өйткені мұндай ауытқумен дүниеге келетіндердің саны аз.

Бұған дейін елімізде осыған ұқсас төрт оқиға тіркеліпті. Бірақ олардың ешбірі тірі қалмаған. Алайда Сергей төзімді болып шықты. Оған жасалған операция сәтті аяқталды. Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бар болғаны денесінде кішкентай ғана тыртық қалады.

Обсудить новость