АҚШ-та тұратын қазақ жігіті ЭКСПО-2017 көрмесін ерекше жарнамалап жүр (фото) — KazInfo Today
close

АҚШ-та тұратын қазақ жігіті ЭКСПО-2017 көрмесін ерекше жарнамалап жүр (фото)

картина-1

Американың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан Арман Белассар есімді отандасымыз Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстанға жүзге тарта шетелдікті жібермек.

Арман қазірдің өзінде өздігінен ЭКСПО көрмесіне жарнама жасап, шетелдік меймандарды Астанаға шақыруда, деп жазады 24 хабар арнасы.

Жас кәсіпкер автокөліктерді алып-сатумен айналысады. Ол өзіне тиесілі бірқатар көліктің сыртына көрменің логотипін бейнелеген. Айтуынша, АҚШ-тың ең ірі қалаларының бірінде елімізде өтетін ауқымды шараны жарнамалау өз септігін тигізетіні сөзсіз. Шалғайда жүрсем де, еліммен мақтану – міндетім, – дейді ол.

0ad0214078220787a9ef608e8d58f435_L
Ключевые слова: сшаэкспо

Обсудить новость