close

Таиландта бас сүйегі және жарты беті жоқ сәби дүниеге келді (фото)

reben

Таиландта бас сүйегі және жарты беті жоқ Нурафайха есімді сәби дүниеге келді. Оның ерні қояндікіне ұқсас және көзі көрмейді. Сол себепті ол сүт те іше алмайды. Ол түтікше арқылы азықтанады.

PAY-Severely-disabled-baby-gets-help

Таиландтың оңтүстігіндегі Саябуриде түр келбеті адам шошырлық нәресте дүние есігін ашты, деп жазды Mirror.

Әлеуметтік медиа өкілдері сәби туралы мәліметтерді желіде жариялап, елден көмек сұрауда.

PAY-Severely-disabled-baby-gets-help (4)

Нурафайха көпбалалы отбасыдан шыққан. Отбасында одан өзге төрт бала бар. Нурафайхадан басқасының бәрі мектепке барады. Ал көпбалалы отбасының жалғыз асыраушысы – олардың әкесі зауытта жұмыс істейді.

PAY-Severely-disabled-baby-gets-help (3)

Нурафайха үнемі дәрігерлердің бақылауында болады. Ал болашақта оның беті мен бас сүйегіне операция жасау қажет.

PAY-Severely-disabled-baby-gets-help (2)

Осы күнге дейін Нурафайхаға 200000 таиландтық бат (шамамен 4,400 фунт стерлинг) көлемінде ақшалай көмек көрсетілген.

PAY-Severely-disabled-baby-gets-help (1)

 

Ключевые слова: в мире

Обсудить новость