close

АҚШ-та ер адам өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтірген

111

АҚШ-тың Мэриленд штатында ер адам өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтірген. Нәрестенің мәйітін ашу барысында оның бұғанасының және 34 қабырғасының сынғандығы анықталған.

Алеа Томпсон дүниеге келе салысымен-ақ әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған, деп жазды Daily News.

Оның әкесі Роберт Дэвидсон өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтіргенін мойындады. Бұл туралы дүйсенбі күні қорғаушылар мәлімдеді.

24 жастағы ер адам кәмілеттік жасқа толмаған балаларға сексуалдық тұрғыдан зорлық әрекеттерін қолданғаны үшін 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

aleah30n-3-web

Мәйітті ашу барысында нәрестенің ауыр жарақатты бастан кешіргені анықталды. Оның бұғанасы және 34 қабырғасы сынып кеткен, деп жазды Washington Post.

2015 жылдың 25 маусымында күндізгі сағат 7:18-де Дэвидсон шұғыл көмек көрсету 911 нөміріне хабарласып, өз қызының дем ала алмай жатқанын хабарлаған.

aleah30n-1-web
Лорена Томпсон

Одан кейін сәби үш күн бойы ауруханада жатып, артынша көз жұмған. Лорена Томпсон кәмілеттік жасқа толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін айыпталды. Прокурорлардың пайымдауынша, Дэвидсон Алеаның жатын бөлмесінен дауыстар естіген кезде қонақ бөлмеде ойын ойнап отырған. Тергеу болжамы бойынша, әйел өз қызының дене жарақаттарын көре тұра (Дэвидсонның зорлық әрекеттерінен пайда болған) ешқандай амал қолданбаған.

Дэвидсонның қорғаушысы Рональд Готлиев оның үстінен тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, Дэвидсон қызының үстіндегі әртүрлі сұйықтықтарды алып тастау үшін сондай әрекетке барған.

Ключевые слова: в мире

Обсудить новость