close

5 жасар ауыл баласы елбасыға үндеу жолдады (видео)

666

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Аққу ауылының 5 бес жасар тұрғыны Замир Рүстемұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жасады. Бүлдіршіннің бейнежазбасы ғаламторда пайда болды.

Өз үндеуінде Замир Рүстемұлы Президентпен кездескісі келетінін жеткізді. Қазіргі таңда ол Аққу ауылындағы орта мектептің дайындық сыныбында оқиды. Анасы үй шаруасындағы адам болса, әкесі Рүстем жергілікті жанар-жағармай станциясының басшысы болып еңбек етеді.

«Әкем сіздің менімен кездесуге уақытыңыз жоқ дейді. Егер уақытыңыз болып жатса, сізге қонаққа келер едім», – дейді Замир.

https://www.youtube.com/watch?v=HOyMMvLmAsg&feature=youtu.be

 

Ключевые слова: замир рустемулыобращение к нурсултану назарбаевупавлодарская область

Обсудить новость