close

Нью-Йоркте Қазақстан туралы ән орындаған жерлесіміз американдықтарды тәнті етті (видео)

fideo

Отандасымыз, Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы Диаз Мусалимов қазіргі таңда АҚШ-та білім алуда. Нью-Йоркте тұратын жігіт жуырда Манхэттендегі танымал Birdland джаз-клубында Қазақстан туралы ән айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланды. Бейнежазбаны небәрі екі күннің ішінде 130 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген.

“Welcome to my country, Kazakhstan. I am from Kazakhstan” (Менің елім Қазақстанға қош келдіңіздер. Менің туған жерім – Қазақстан) деп ән салған жігіт жергілікті тұрғындардың қошеметіне ие болды.

Айта кететін жайт, Диаз ән салған клуб сахнасында Оскар Питерсон, Дайана Кролл, Рой Хэйнс, Мишель Легран, Дэйв Брубек, Тони Уильямс, Хэнк Джонс, Фредди Хаббард, Кларк Терри, Рон Картер, Джон Хендрикс және тағы да басқа көптеген әншілер өнер көрсеткен.

Қазақстандықтар, әсіресе, семейліктер жерлестерін мақтан тұтуда. Өз пікірлерінде олар Диазға американдық The Voice жобасына қатысуға кеңес берген. Одан бөлек, желі оқырмандары қазақ сахнасына Диаз сынды нағыз таланттардың жетіспейтінін айтқан.

Ключевые слова: диаз мусалимовсша

Обсудить новость