close

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

ajsha

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы өздерінің жақындарымен бірге түскен суреттерін бөліскенді ұнатады. Әсіресе, ата-аналарымен бірге түскен суреттерін. Осылайша, олар өздерін тәрбиелеп, осы күнге жеткізген жандарға алғыс айтқысы келсе керек.

14716666_111441212671099_166916349111566336_n
Фото:instagram.com/kamshat__zholdybayeva/?hl=ru

Қыз баланың мінезі мен өзін-өзі ұстауына қарап, біз оның анасын танығандай боламыз. Себебі, нәзік жандылар көбінесе анасынан үлгі алады. Мысалы, Кәмшат Жолдыбаева өнерлі отбасында тәрбиеленген. Дәл қазір сіңлісі Алтынай да, бауыры да өнерде жүр. Ал оларды өнерге баулыған ата-аналары екен. Әсіресе, аналары оларға жастайынан би үйретіп, сахнада еркін қозғалуға машықтандырған. Яғни, Кәмшат Жолдыбаеваның биден сабақ берген ұстазы – туған анасы.

13707028_288935018128927_1691891999_n-4
Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru

Аша Матайдың анасы

Анасынан аумай қалған жұлдыздардың қатарында Аша Матай да бар. Бәтес  Байлы – тігінші. Көпшілік отандық бағдарламалардың бірінен ол кісінің өзге сіңілдеріне ұқсамайтынын байқаған. Себебі, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова секілді өнерге аса ынтық емес. Өзі сабырлы әрі тұйық мінезді.

13381359_1760830640852592_1878268557_n 14676645_373267499731214_4122050031467364352_n
Фото: instagram.com/akmaral_st/

Динара Сәтжанның анасы

Динара Сәтжан анасы Ақмаралға ұқсап өскен. Тележүргізушінің сәнді киім мен мәдени ортаға деген ықыласы осы анасы арқылы берілген-ді. Бұған Ақмарал Сәтжанның инстаграм парақшасына кіру арқылы көз жеткізе аласыз.

12725180_656387581168144_1707412493_n 13181369_965569500227665_350110997_n
Фото: instagram.com/anara.rustemova/

Сиви Махмұдидың анасы

Анар ханым мен Сиви Махмұдидың жас аралығында бірнеше жыл ғана айырмашылық бардай көрінеді. Себебі, ол қызымен бірге сұлулық салондарына барып, көңілді кештерде бой көрсеткенді ұнатады. Ең бастысы, қыз баланың басты қаруы – сұлулығы екенін жақсы түсінеді.

13707002_919795588128785_696178134_n
Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Айдана Меденованың анасы

Әнші өзінің анасына ұқсағысы келетінін үнемі айтып отырады. Жуырда ол алғаш рет жүрегіне жақын адамының суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады. Осылайша, анасын қатты сағынып жүргенін білдірді.

36-1
Фото: instagram.com/sanda_singer/

Санданың анасы

Естеріңізде болса, жұрт Санданың анасының сұлулығына қызыққан-ды. Тіпті, оның қызына қарағанда, әлдеқайда жас көрінетінін айтқан болатын. Әнші анасының өзі секілді сауда орталықтарын аралап, киім алғанды ұнататындығын айтып отырады.

14279070_1359909154039168_124818773_n
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Мөлдір Әуелбекованың анасы

Әншінің анасын отандық бағдарламалар арқылы танимыз. Сұхбат барысында әншінің анасы өзінің ашықауыз, ақкөңіл екенін байқатты. Себебі, ол қызының жұрттан жасырып жүрген құпиясын жария етіп қойған-ды. Мұнымен қатар, Әуелбекова анасының өте сабырлы екенін, оған қатты ұқсағысы келетінін айтады.

917225_545219008985955_1768472235_n 12224538_1691171577782002_611369296_n
Фото: instagram.com/gulsim_umarova/

Рано Омарованың анасы

Көңілді кештерді ұнатып, қызымен бірге сұлулық салонына жарыса баратын аналардың қатарында Гүлсім ханымда бар. Әншінің анасы психология саласында жұмыс істейді. Мұнымен қатар, инстаграм парақшасынан Гүлсім ханымның дінге берік адам екенін байқауға болады.

 

Обсудить новость