close

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

kar

Қайрат Нұртас жеке өмірін, отбасын тыңдармандар назарынан тасада ұстайтын әнші. Әйелі не балалары туралы сұраған жандарға Қайрат жауап бермейді. Анығында, журналистерді анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызына жібереді.

Өз кезегінде продюсер-ана да жауаптан жалтарып, әншінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қоймауды сұрайды.

Қайраттың жұлдызын жаққан алғашқы «Арман» атты бейнебаянындағы Жұлдыз есімді аруды жұрт жақсы біледі. Халықтың пікірінше, Қайраттың заңды жұбайы әрі балаларының анасы да осы “Армандағы” бойжеткен.

арман клип

Қайрат бүгінгі танымалдылығына қол жеткізбей тұрғанда-ақ бұл қызды бірнеше бейнебаянына түсіріп үлгерген. Тіпті, әншінің бір туындысы олардың үйлену тойына арналған-ды.

1437934484gtkwz

Алайда арада біраз уақыт өтіп, Қайраттың танымалдылығы арта түскен соң әнші «жеке өміріме жол жабық» деп жар салды. Әлі күнге дейін жұрт оның әйелі мен балалары туралы түрлі болжамдар жасауда.

Screenshot_5

Алайда Қайрат пен оның анасы қанша тырысып баққанымен, желіде оның отбасының суреттері тарап кеткен.

52630de67e406f9f73edbed6a14962b7

Жіберіп алмаңыз:

Ключевые слова: кайрат нуртассемья кайрата нуртаса

Обсудить новость