close

Instagram-дағы жаңа миллионер жұлдыздар кімдер? (фото)

kkk

Бүгінде шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздардың танымалдылығын, «өтімділігін» Instagram-дағы оқырмандар санына қарап анықтауға болады. Әзірге Қазақстандағы ең танымал Instagram жұлдызы – танымал продюсер Баян Есентаева. Ол бағындырған 2 миллион оқырман межесіне бірде-бір әнші жеткен жоқ.

жана миллионерлер

Ал оқырмандар саны миллионнан асқан жұлдыздар жетерлік. Олардың арасында «МұзАрт» тобының серілері Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, «Кеш you» тобының «Алтын құрамында» ән салған Жанар Дұғалова, Айдана Меденова, Кәмшат Жолдыбаева, сол сияқты танымал әншілер Ерке Есмахан, Айгүл Иманбаева, Айқын Төлепберген, Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт пен Айша бар.

Енді олардың қатарына Жанболат пен Жазира дуэті, Мөлдір Әуелбекова мен тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы қосылды.

Айта кетейік, миллион оқырманды бағындырған қазақстандық жұлдыздар кейбір шетелдік немесе голливуд жұлдыздарынан да асып түсті. Мәселен, Ресей эстрадасының танымал жұлдызы Филипп Киркоровтың желідегі оқырмандар саны 800 мыңнан енді асса, әлемге танымал актриса Моника Белуччи әлі 300 мыңға да жетпеген.

Ключевые слова: шоу-бизнес

Обсудить новость