close

Сөзге шебер жігіт Елбасын таңқалдырды (видео)

boll

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Мақсат Ысқақов Елбасының алдында ұлт көсемдері мен шешендерінің даналық сөздерін мысалға келтіре отырып, қоғамда болып жатқан мәселелер жайын сөз етті.

Желіде Елбасының алдында еш қымсынбастан сөз сөйлеп, ойын ашық айтқан жігіттің видеосы танымал бола шықты. Өз сөзінде Ысқақов қазақтың шешендері мен көсемдерінің, билерінің әділдігін сөз етіп, олардың нақыл сөздерін мысалға келтірді. Нұрсұлтан Назарбаев жас жігіттің сөз саптауына, ел алдында өзін еркін ұстауына риза болды. Арасында күліп те алды.

Жігіттің сөзінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Мақсат Ысқақовтың диалогы былайша өрбіді:

– Қайда жұмыс істеп жүрсің? Қайда оқыдың?

– «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын, тіл комитетінің төрағасымын.

– Бәсе, нағыз баратын жеріңе барыпсың. Осының бәрін елге түсіндір!

– Нұрсұлтан Әбішұлы! Қонысбай Әбілов ағамыздың сөзі бар еді: «Жылым жылқы болған соң ба, өмірім бәйгеге ұқсайды. Топты көрсем тыпыршып отыра алмаймын. Айып етпессіз. Рахмет.

Видео «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай Елбасының стипендиаттармен кездесуінен алынған.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Ключевые слова: болашакмаксат ыскаковНурсултан назарбаев

Обсудить новость