close

Бас бапкер Қазақстан құрамасы Черногориядан жеңіліп қалуының себебін түсіндіріп берді

talgat-bajsufinov

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2018 жылғы Әлем чемпионаты турнирінің іріктеу кезеңінде қазақстандық құраманың жеңілісі туралы өз пікірін айтып, бар кінәні өз мойнына алды деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ол шаршы алаңдағы ойын барысы туралы өз пікірін айтты.

«Бірінші таймнан кейін алаңның ортасына қарай және шабуыл шебіне жылдам пастың жетіспегенін байқадық. Мұны спортшыларға айттық. Қақпаға бір голды өткізіп алдық, алайда бұл жағдайды түзетуге болады деп есептедік.  Кездесудің екінші кезеңінде не болғанын айта алмаймын. Ойынды қарап, әр сәтті жіті қарап, тиісті шараларды қабылдауымыз керек. Бізге сергектік, жинақылық жетіспегені көрініп тұрды», — деді ол.

Сонымен бірге, ол ойынның сәтсіз өту себептерін де айтып берді.

«Черногория құрамасы өз алаңында ойнады, бұл қарсылас команда үшін, әрине, үлкен қолдау.  Үйдегі алаң біз үшін де басымдық береді.  Дегенмен, бар кінәні алаңның сапасына артып қою дұрыс емес. Енді келесі ойындарға дайындалатын боламыз. Өкінішке қарай, бүгінгі ойында оң нәтижеге қол жеткізе алмадық. Бұл үшін кінәні өз мойныма аламын. Екі күннен кейін өз алаңымызда Румынияға қарсы ойнаймыз. Бұл ойынға деген дайындықты бастап кеттік», — деп налыды ол.

Обсудить новость