close

Блогер косметиканың көмегімен омырауын 2 есе ұлғайтты (фото, видео)

g4

Сұлулық блогері косметикалық бояулар арқылы кеудені ұлғайтудың тәсілін көрсетті. Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

g-1

Брисбендік Натали Буше 21 жаста. Ол 2007 жылдан бері сұлулық тақырыбына арналған түрлі видеосын бөлісіп келеді. Оның соңғы рет YouTube желісіне салған видеосын 3,8 миллионнан астам адам қараған. Блогер косметикалық бояулар арқылы кеудені ұлғайтудың тәсілін көрсеткен болатын.

Әйелдер омырауын ұлғайту үшін мыңдаған ота жасатуы мүмкін. Алайда блогер Натали бұл мақсатта қарапайым косметиканы пайдалануға болатынын айтып жатыр. Тіпті, осы сөздерінің дәлелі ретінде видео түсіріп, желіге жүктеген.

 

g2 g3

Алдымен, омырауы мен иық тұсына олардың пішінін айқындауға арналған крем жақты. Көлеңкенің суретін салу үшін күңгірт-күлгін түсті бояуды пайдаланды.

 

g4

“Мен мұны күнде жасамаймын. Себебі, бұл әрекетім өзімнің де күлкімді келтіреді. Десе де, арасында эксперимент жасап тұруға болады. Достар, бұл макияждың басқа да түрлерін қолдану арқылы омырауларыңыздың өлшемін бірнеше есеге дейін ұлғайта аласыздар. Ұлғайтып қана қоймай, кішірейтулеріңізге де болады. Бірақ мен үшін табиғи сұлулықтан артығы жоқ”, – дейді Натали.

g5 g6

Блогер төсқабына пуш-ап қосты. Осылайша, омырауының өлшемі екі есеге дейін ұлғайды. Ал бойжеткеннің видеосына қатысты түрлі пікір жазылды. Көпшілік бұл әрекетін құп көрмейтіндіктерін айтты.

g7

“Омырау үшін өте қауіпті. Видеоны көріп мұңайып отырмын”, “Менің күлкіден жарылғалы отырғанымды сіздер көз алдыларыңызға елестете алмайсыздар да”, “Мұны жақсы идея деп айта алмаймын. Денемді косметика басып тұрғанын қаламайтын едім” дейді желі қолданушылары.

g8 g9

Натали макияждың көмегімен омырауын ұлғайтып отырған алғашқы блогер емес. 2016 жылдың сәуір айында Худа Каттан қарындаш пен ерінге арналған сұйық консиллердің “құдіреті” туралы туындысын бөліскен-ді. Аталған туындыға 215 000 лүпіл басылып, 16 000–нан астам пікір жазылған.

Обсудить новость