close

24 жастағы бойжеткен 68 жастағы туған атасына тұрмысқа шыққан

bywtcn

Майамиде 24 жастағы бойжеткен 68 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан. Тек үш айдан соң ғана олар бір бірімен туыс екендерін білген,-деп хабарлайды KazINFO   Florida Sun Post -қа сілтеме жасап. Олар сайт арқылы танысыпты. Ер адам бірнеше қыздың анкетасын қарағанын, ал оның болашақ жары оның көзіне бірден түскенін айтады, деп жазады. «Мен оны алғаш көргенімде ерекше сезімді бастан өткердім. Сосын бұл қызды қайдан көрдім деп таң қалдым», – дейді ер адам. Олар бір бірімен үйленгенге дейін отбасылары жайында сөз қозғамапты. Тек үш ай өткен соң әйелі күйеуінің ескі альбомын ақтарып отырып, өз әкесін көріп қалады. Ақырында оның туған атасына тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Ер адам әйелімен ажырасқан соң бұрынғы отбасымен байланысын үзген. Сондықтан немересінің қандай екенін де білмеген екен. Ал, бойжеткен де отбасымен араласпай кеткен. Ол мектепте оқып жүріп жүкті болып қалғандықтан оны әкесі үйінен қуып жіберген екен. Алайда, жұбайлар бір-бірімен жақын туыстығына қарамастан ажырасып кетпеген. Олар тіпті мұндай жағдайдың да оларды ажырата алмайтынын айтады.

Ключевые слова: в миреинцест

Обсудить новость